<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
 Қолымды жаямын басымды иіп,
 Жүректі дайындап тіземді бүгіп.
 Сөйлесем Өзіңмен жақынсың маған,
 Құпия бар сырды айтамын Саған.

[V2]
 Періштеңді қойып мені сақтадың,
 Сенен артық пана, Ием, таппадым.
 Сөйлесем Өзіңмен жақынсың маған,
 Құпия бар сырды айтамын Саған.

[V3]
 Көзімді тігіп аспанға қараймын,
 Алғыс айтамын, батаңды қалаймын.
 Сөйлесем Өзіңмен, жақынсың маған,
 Құпия бар сырды айтамын Саған.</lyrics>
<title>Қолымды жаямын басымды иіп РӘЖ262</title>
<hymn_number>262</hymn_number>
</song>